ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Семей қаласы Гарнизондық офицерлер үйінде бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің офицерлері мен сержанттар құрамына жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында заңсыз діни неке қию, теріс ағымдарға түсіп кетуден сақтану мен алкоголь және есірткі бұйымдарын қабылдаудың кері әсері тақырыбында алдын алу шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы аталмыш тақырыптар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметкерлер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.