Семей қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда “ХАЛАЛ ДАМУ” мекемесінің халал сертификатын иеленген мекемелерде тексеріс жүргізілді. Атап айтқанда “Nango”, “Brownies”, “SHECKER” кәсіпорындары тексерілді. Тексерісті жүргізген ҚМДБ “ХАЛАЛ ДАМУ” мекемесінің технологы Мейіржан Бауыржанұлы және Абай обысы бойынша мекеменің жауапты маманы Сыздықов Ардақ Меллетұлы екеуі жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік процестері жан-жақты тексеріліп, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, сақтау және тасымалдау шарттары, өндірістік жабдықтардың тазалығы мен залалсыздандыру, сондай-ақ қызметкерлердің технологиялық тәртәптә сақтау қадағаланды.
Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының маңыздылығы түсіндіріліп, өндірістік процестерде қандай талаптарға ерекше мән беру керектігі жөнінде кеңестер берілді.
Тексеру нәтижесінде өндіріс орындарының халал стандарттарына сәйкестігі бойынша тиісті бағалау жүргізіліп, қорытынды шығарылды. Аудит жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Пікір қалдыру