Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты ауыл мешіттері имам – молдаларының алқалы жиыны өтті. Биылға жылғы ҚМДБ – сы тарапынан Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы толық таныстырылып, басымдылық берілген «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу – ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша имам –молдаларға тиісті тапсырмалар берілді. Аудан имамы Нұржан Медеуханұлы сондай – ақ ҚМДБ – ның құрылғанына 35 жыл толғандығын, басқарма тарапынан биылғы жыл «Ислам және Отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғандығы жайлы баяндап өтті. Жиынға қатысушы имам – молдалар осы жылғы жоспарға алып – қосар пікірлерін білдіріп, өздеріне тапсырылған істерді уақытылы атқаруға уағдаласты.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру