АБАЙ ОБЛЫСЫ: РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ДӘРІСТЕРІ

Абай облыстық “Абай Құнанбайұлы” орталық мешітінде 1 апта бойы Рамазанға дайындық дәрістері өтті. Дәрісті Шариғат және пәтуа бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі, Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы – Құттыбек Түменбай өткізді.

Дәріс барысында жамағаттарға оразаның шарттары, әйелдерге қатысты үкімдер, оразаны бұзатын нәрселер, ауыз бекіткен адамға жасауға болмайтын тыйымдар және ораза кезінде жасалуы мәкрүһ болған әрекеттер іспетті мәселелер бойынша ақпараттар берілді.

Дәріс соңында жамағаттар тарапынан ораза тұтпауға үзірлі жағдайлар қандай, оразаға ниет етудің үкімі және қандай жағдайларда ораза бұзылмайды деген сұрақтар легі қойылды. Өз сұрақтарына жамағаттар тұщымды жауаптарын алды.