Абай облыстық «Зекет және қайрымдылық» қорының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітінің хатымханасында 300 адамға арналып ауызашар дастарқаны жайылды.
Ауызашар кешіне қаламыздағы түрлі оқу орнындарында оқып жатқан шетелдік студенттер, ауылдық жерлерден келген және т.б. студент жастар, қаламыздың данагөй қарттары, мүгедектігі бар жандар, мұқтаж отбасылар арнайы шақырылды.
Рухани дастарқан басында Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы жамағатқа насихат айтты. Қаламыздың талантты ағалары дәстүр бойынша жиналған қауымға жарапазан айтып келді.
Жиын соңында асқа бата беріліп, Құран оқылып, марқұмдарымызға сауабы бағышталды.
Игі шараға демеушілік жасаған жаны жайсаң азаматтарымызға алғысымыз шексіз. Рамазан айы қайырымдылық айы болғандықтан, бұл айда Зекет қоры көптеген игі ізгі істерге мұрындық болып келеді. Осы жолда қолдау көрсетіп келе жатқан барша жандарға Алла разы болсын!
Пікір қалдыру