Абай облысының Бас имамы – Асқар Әбітайұлы “Нұр-Мүбәрак” университетінде оқып жатқан Семейлік студенттермен кездесіп, сұхбат құрды.
Бас имам жастарды өңірге діни қызметке шақырып, жас мамандарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, діни қызметтің жауапкершілігі, білім үйренудің артықшылығы туралы сөз етті. Елге қызметті туған жерден бастау, ілімнің зекетін беру, еңбекте табанды болу жайлы ақыл-кеңестерін айтты.
Пікір қалдыру