АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ КЕЗЕКТІ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

Жұма намазынан кейін Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте жұмаға келген жамағаттарға Пәтуа сағаты өтті. Пәтуа сағаты кезінде Шариғат және пәтуа бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты маманы Түменбай Құттыбек “Пасха мерекесінде мұсылман емес танысы боялған жұмыртқа ұсынса жеуге бола ма?” немесе “Пасха мерекесімен басқа діндегі адамды құттықтаса бола ма?” және т.б. секілді жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Пәтуа сағаты әр жұма намазынан кейін тұрақты түрде өтеді. Қандай да бір сұрақтары бір жандар Жұма намазынан кейін қалып сұрақтарын қоюына болады.