АБАЙ ОБЛЫСЫ: РАМАЗАНДА ТОСЫН СЫЙ

Абай облысы Семей қаласының орталық мешіт қызметкерлеріне Ораза Айт мерекесіне орай мерекелік дастархан жайылды.

“Абай Құнанбайұлы” мешітінің Бас имамы – Асқар Әбітайұлы мешіт қызметкерлеріне және отбасыларына арнап мерекелік кеш ұйымдастырды. Мешітіміздегі әр қызметкерді Айт мейрамымен құттықтап, сыйлықтар табыстап, жұмысшы ағаларымыздың иығына шапан жапты.

Айт мейрамына орай мешітіміздегі көп балалы отбасы бар 6 жұмысшыға қаржылай 300 000 теңге көлемінде сыйлық табысталды.

“Жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрамда отбасыларыңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!” – деп Асқар Әбітайұлы жүрек жарды тілегімен бөлісті.