АБАЙ ОБЛЫСЫ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ

Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының бастамасымен Абай облысына қарасты ауыл мешіттері имамдарының алғашқы легі 2 аптаға созылған білім жетілдіру курсынан өтті.

Курс барысында білікті дін мамандары Ақида, Фиқһ, Құран, Тәжуид сабақтарымен қатар ҚМДБ концептуалды құжаттарынан дәрістер жүргізді. Сондай-ақ, ауыл имамдарына «Уағыз айтудың әдебі», «Мешіттердің құжаттарын реттеу заңдылығы», «Жаназа және жерлеу рәсімдері», «Қасапшылық – сауапты, һәм, жауапты іс» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

Курс соңында имамдардан емтихан алынып, біліктілігін арттыру жөніндегі арнаулы сертификаттар табысталды. Ауыл имамдарының білімін жетілдіру курсы мұнымен аяқталмай, келесі кезекте имамдардың екінші легі шақырылуда.