АЯГӨЗ: «УАҒЫЗ – НАСИХАТ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты мешіт имамдарына «Уағыз – насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» атты жиын өтті. Күні кеше ҚМДБ – да өткен жиында «Уағыз – насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы бекітілген болатын. Аудан имамы жиынға қатысушы имамдарға тұғырнаманы таныстырып, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу мен бірізділігін қамту үшін бағыт – бағдар беретін тұғырнаманың таптырмас құрал екендігін атап өтті.