ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ БІР АЙДА ҚҰРАНҒА ТҮС КУРСЫ ӨТУДЕ

Рамазан айы – қасиетті Құран түскен ай. Алла Тағала бұл туралы:

«Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түскен ерекше ай», – деген (Бақара сүресі, 185-аят).

Осындай айда Құран оқи алмайтындар Құран оқып үйренуге, оқи алатындар мағынасын түсінуге, мағынасын түсінетіндер тереңіне бойлап, амалға асыруға тырысқаны жөн.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында «Бір айда Құран түс» жобасын бастаған болатын. Осы жоба аясында Абай облыстық орталық мешітінде де «Бір айда Құранға түс» курсы жүріп жатыр. Аталмыш курста қазіргі таңда 60-қа жуық шәкірт тәлім алуда.

Шәкірттерге мешітіміздің қос ұстазы Ералы ұстаз бен Данияр ұстаз Құран әліппесінен бастап дәріс беруде. Алла қаласа Рамазан айының соңында әліппені аяқтап, Құранға түскен шәкірттерге арнаулы сертификат табысталатын болады.