Абай облыстық орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйымдастыруымен “Денсаулық – басты байлық” атты салауатты өмір-салтын насихаттау шарасы болып өтті.
Игі шара барысында Абай облысына қарасты қала, аудан имамдары табиғат аясында бас қосып, қазақы алтыбақан теуіп, гір тасын көтеріп сайысты. Сондай-ақ, бірнеше топқа бөлініп футбол турнирін өткізді. Осылайша, денсаулық – аманат, әрі, басты байлығымыз екенін, салауаты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын іс жүзінде насихаттап, үлгі көрсетті.
Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде “Адамдар қадірін біле бермейтін екі нығмет бар. Бұлар – денсаулық пен бос уақыт”, – деген екен (Тирмизи риуаяты)
Ендеше, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін білейік!
Пікір қалдыру