ҚМДБ, Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облысымызға қарасты аудан-ауыл имамдарына арналған кезекті біліктілігін арттыру курсы өз мәресіне жетті.
3-13 қыркүйек аралығында он күнге созылған білім курсында «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Фиқһ әдіснамасы», «Хадис әдіснамасы», «Уағыз айтудың әдебі», «ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларына түсіндірме», «Қажының рухани келбеті», «Адал астың маңыздылығы», «Имамның тұлғалық бейнесі» атты бірнеше семинар мен Ақида (Иман негіздері), Фиқһ (Ислам құқығы), Құран және тәжуид дәрістері жүргізілді.
Курс соңында имамдардан емтихан алынып, біліктілігін арттыру жөніндегі арнаулы сертификаттар табысталды. Имамдарға дін жолындағы атқарып жатқан қызметтері үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру