Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жан-жақты қызметінің бірі мұсылман жұртшылығының адал аспен тамақтануына үлес қосу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ҚМДБ жанынан Халал стандарттау бөлімі жұмыс істеп келеді.
Жақында ғана Абай облысы бойынша Халал стандарттау бөліміне жауапты маман ретінде тағайындалған Ардақ Меллетұлының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы “Ардагер құс” фабрикасы Халал стандарттарының талаптары бойынша тексерістен өтіп, Халал сертификатын иеленді.
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Жұма уағызынан кейін мұсылман адамның өміріндегі адал астың маңыздылығына тоқтала келе, аталмыш сертификатты “Ардагер құс” фабрикасының басшысына жамағаттың алдында табыстап, жұмыстарының жемісті болуына тілектестігін білдірді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ: СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫН ҚМДБ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Пікір қалдыру