АБАЙ ОБЛЫСЫ: VI ИМАМДАР ФОРУМЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНЫСТЫРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

“Абай Құнанбайұлы” мешітінде облысымыздың мешіт имамдарына VI имамдар форумында қабылданған құжаттарымен таныстыру семинары өтті.

Аталған жиынға Абай облысына қарасты аудан, қала имамдары қатысты. Жиналыста «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасымен, «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу(тәртібі мен мәзірі)» құжатымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚМДБ басымдылық берілген жауапты мамандар әр түрлі тақырыптарда семинарлар өткізіп, имамдарға таныстыра өтті. Атап айтсақ, пәтуа семинары, құжаттарды ретке келтіру, қамқор шарапат, дін мен дәстүр, зекет және қайырымдылық қоры семинарлары өтті.