АБАЙ ОБЛЫСЫ: АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАРЛАУЛЫ АУЫЛЫНДА

Аягөз ауданына қарасты Тарлаулы ауылына аудан имамы Нұржан Медеуханұлы арнайы барып, ауыл әкімі Нұрбек Рахатұлының  қабылдауында болып, ауылдағы діни ахуалды сұрасты. Қасиетті жұма күнгі сапарда «Таңсық» мешітінде уағыз – насихат айтып, жұма намазын өткізді. Ауыл ақсақалдарының ой – пікірлерін біліп, мешіт имамының алдағы жұмыстарын пысықтады.