Қарилар Құран хатым түсіріп жатыр

Қасиетті Рамазан айындағы қайырлы істердің бірі – Құран Кәрімді оқу және  тыңдау.

Бір хадисте: «Қандай да бір қауым Алланың үйінде жиналып Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Алланың мейіріміне бөленеді, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады» – деген.

Осыған орай,  жамағатқа құран-хатымды оқу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында  Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітімен Тыныбай мешітінде  Құранды басынан аяғына дейін жатқа білетін Буйнами Билге мен Сыддық Гулер жергілікті уақыт бойынша сағат: 12.00-де ер және әйел жамағатына Құран Хатым оқып жатыр. Қасиетті кітапты оқу және тыңдау арқылы Алла Тағаланың мейіріміне бөленген жамағаттың қуанышында шек жоқ.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.