ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАЙТЫН 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЙТ БҰҒАТТАЛДЫ

Өткен жылы елімізде терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр 2017 жылдың 28 желтоқсанында Елбасының ақпарат саласындағы заң жобасына қол қойғанын айтты. «Бұл заң азаматтарымыздың құқығын қорғау механизмдерін күшейтіп, БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады» деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, министр еліміздің ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды» деді Дәурен Абаев.