Аягөз қаласындағы №6 мектепте «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА – АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата – аналар конференциясы өтті. Осы жиынға арнайы келген қонақтармен бірге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы қатысты. Наиб имам дініміздегі бала тәрбиесімен қатар қоғамдағы кездесіп жатқан жат ағым жайлы уағыз насихат айтты. Конференция мектеп оқушылары дайындаған қойылымдармен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі