Аягөз қаласында мешітпен ішкі саясат бөлімі ұйымдастыруымен теннистен сайыс өтті. Қатысушылар арасында І – орын Мамырсу жастары, ІІ – орын Мешіт жастары бөлімі, ІІІ – орын Гимназия жастары бөлісті. Командаларға алғыс хатпен медаль табысталды. Сайысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі