Орамал тағу туралы сұрақ

Ассалаумагалейкум уа рахматуллахи уа баракатух.Өзім студентпін, таң намазына жығылмақ ниеттемін.Бірақ бастапқы уақытта орамалсыз жүрсе күнә болмай ма?Себебі ортамдағы адамдардың орамалға деген көз-қарасы басқаша.Ал сонымен қатар жоғарғы оқу орнында ұстаздық қызмет атқаратын әпкеме орамал тағуы міндет пе?Ол кісі 5 уақыт намазға жығылады.Жұмыс уақытында орамал тағуға біраз кері көз-қараспен қарайтын адамдар баршылық және әпкем жұмысқа тақауда ғана кірген.Жұмыстан шығып қаламын ба деп қауіптенеді.Осы сұраққа жауап беруіңізді өтінеміз.Алла разы болсын.


Уағалейкумассалам!!
Жалпы орамал тағудың шариғатта үкімі фарыз. Сондықтан сізге сабаққа барғаныңызда немесе жұмысқа барғанда шешіп таста деп айтуға ешкімнің құқы жоқ.Ең әуелі хижабтың парыздығынан бұрын хижаб пен орамалдың парқын ажыратып алған жөн сияқты. Өйткені сұрақта хижаб тақпаса да болады деумен қатар жәй орамал тақса да болады деген. Ал «хижаб» арабша сөз. Оның негізгі түбірі «хажәбә» яғни қазақшасы жасыру, жабу, жамылғыш деген мағыналарды береді. Хижабты қазақша орамал деп те атайды. Хижаб пен орамалдың негізгі ұғымы бір. Әйелдердің басын орамалмен жауып, әурет жерлерін бөгде адамдардан жасырып ұзын киім киюі Алла Тағаланың бұйрығы. Дінімізде әйелдердің беті, екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері ұятты болып есептеледі. Сондықтан да, барлық әйел баласы ұятты саналған әуретті жерлерін киімімен жауып, бөгде ер кісілерге көрсетпей жүрудің шариғаттағы үкімі – парыз. Оның парыздығына Қасиетті Құранның «Нұр» сүресіндегі 31-аят дәлел. Онда: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын)жабатындай етіп тақсын…»), – делінген. Ал ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Сондай-ақ қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне де байланысты кимешек үлгілері тігілген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдерін ескере отырып, заман талабына сай әр түрлі ұлттық хижабтардың үлгілерін тігіп киюге болады. Оған шариғатымыз рұқсат етеді. Ал телеарнадан өзін дінтанушы ретінде таныстырған адам, егер хижабты тақпаса да болады деу арқылы, араб елдеріндегі белгілі бір киім үлгісін айтқысы келсе, онда дұрыс. Ал керісінше шариғат бойынша әйел кісілердің жабылуы тиіс жерлерді жаппаса да болады десе, Алланың бұйрығына қарсы келген болады.