Ислам

Ассалаума алейкум!Григориан кунтiзбесi дегендi калай тусiнуге болады?Аштык уакыттарындагыдай адамнын жейтiн тамагы болмаса,бiрак шошка етi алдында турса жеуге болама?Куран Карiмнiн кате басылып шыкканын калай бiлуге болады,арнайы аяттар барма.?Намазда Аттахиятка отырганда он аякты бакай ушында не себептен котерiп отырады?Намаз окыганда коз жумып туруга болама?Жума намазына бiр себептермен бара алмай калганда бесiн окылады,азан,камат окылама?Куран окыганга салем берiлмейдi,егер мен куран окып отырганда маган салем берсе жауап беру керекпе,салем кайтару парыз емеспе?Осы сурактарыма жауап берсенiз.Алла разы болсын!!!


Уағалейкумассалам!!!
Григориян күнтізбесі Иса(ғ.с) пайғамбар дүниеге келгеннен басталады.Бұл миләди (туылу өмірге келу) жыл санауы депте аталады.Мұсылман жыл санауы хижра деп аталады.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мекке қаласынан Мәдине қаласына қоныс аударғаннан бастап Мұсылман жыл санауы басталған.
Аштық екі түрлі болады.1. Өлімге апаратын 2.Жәй аштық яғни адамның белгілі бір себептермен ас ішуге уақыттың болмауы.Ал өлімге апаратын аштық жейтін еш нәрсе таппаған кезде.Доңыз етінен басқа жейтін тамақ табылмаған жағдайда аштан өліп қалмау үшін жеуге мәжбүр болғандықтан шариғатта рұқсат бірақ тойып жемейді өлмес қуат алу үшін ғана.
Құранда Бақара сүресінің 173 аятында.
«Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды),қанды доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды.Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық, қылмаса шектен шықпаса оған күна жоқ.Күдіксіз Алла өте жарылқаушы ерекше мейірімді» осы аятта Алла тағала кім “мәжбүрленсе” деген аяттың мағынасы жейтін нәрсе табалмау.Мәжбүрлік екі түрлі болады:жейтін нәрсе табалмау немесе зорлықпен болады.
Құран қай мемлекетте басылып шықса сол елдің арнайы тексеретін орындардың тексеруімен және соллардың рұқсатымен басылады.
Намазда аттахиятта отырғанда оң табанын тік қойып, бармақтарын құбылаға қаратып және сол жақ табанына жантайып отырыу сүннет.
Абдуллаh ибн Омар : «Оң аяқты тік қойып,бармақтарын құбылаға қарату және сол аяқтың үстіне отыру намаздың сүннетінен» деген.Сунән ән-Нәсәий,Китәб әт-татбиқ.11.46
Намаз оқып тұрғанда көзді жұму немесе аспанға қарау мәкруh Ибн Аббас (АллаhӘкесі екеуіне разы болсын): «Аллаh елшісі (с.ғ.у) : «егер біреулерің намазға тұрса,көзін жұмбасын »,-деді».Муғжам әт – Табарани XI- том 29-бет.
Жәбир ибн Самура(Аллаh оған разы болсын): «Намазда көздерін аспанға көтеруші қауымдар (адамдар) (ол істерінен) тыйылсын, болмаса (көздері) оларға қайтпай қалады (яғни көрмей қалады)»- деді.-деген.
Жұма намазына келе алмай қалған жағдайда.Егер тұрған жақын маңда мешіт болса азан шақырылмайды, фарыз намазына қамат айтылады.Ал мешіті жоқ елді мекенде үйде азан шақырылады.
ҚұрандаНиса сүресінің 86 шы аятында. Аллаh тағала : «Сендерге сәлем берілсе,сендер одан көркемірек етіп сәлем қайтарыңдар немесе сендермен сәлемдескендей сәлемдесіңдер Расында,Аллаh тағала барлық нәрсені есепке Алушы »
Шариғат бойынша сәлем беру сүннет болса,сәлемге жауап беру уәжіп.(яғни міндетті нәрсе).Құран оқып отырған адамға сәлем берілсе оған сәлем қайтаруға болады ишарамен болсада.
жауап берген Орталық мешіттің найб имамы Серікқали Бейсенұлы.