Осындай тәрбие ошақтарының бірі Семей өңірі бойынша «Әжелер мектебі» деген атаумен ашылған болатын. Береке – бірліктің бастауы болған әжелеріміз ұлттық құндылықтарымызды насихаттау бағытында әртүрлі жұмыстар атқарып келеді. Осы бастаманы жалғастыру мақсатында «Қос мұнаралы» орталық мешіт жанынан қазақ халқының біртуар ұлын дүниеге әкеліп тәрбиелеген хәкім Абайдың анасының есімімен аталған «Ұлжан ана» қыз – келіншектер мектебінің ашылу рәсімі жасалды. Жиылған аналар, қыз келіншектер қауымы өнегелі игі бастаманың куәгері болды. Ақ жаулықты асыл әжелер кілт көтеріп ақ тілектері мен ақ баталарын беріп, игілікті бастамаға сәттілік тіледі.
«Ұлжан ана» мектебінің мақсаты мен бағыттары әйел жамағатын имандылыққа, халқымыздың салт дәстүрлері мен отбасы құндылықтарын тереңнен білуге тәрбиелеу. Түрлі қолөнер, аспаздық, қайырымдылық, рухани ағартушылық бағыттағы іс шараларға тарту, ізгілікке даналық пен парасаттылыққа үндеу.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру