– Ислам дінінде бауыр ұғымы тек туысқандықпен шектелмейді. Адамдарға мейіріммен қарап, бауырым деп өзіне тартуы – бауырмалдық, яғни, адам бойындағы құнды қасиет. Ал туысқанмен тату болу, жақсы қарым-қатынаста болу – Жаратушымыздың бұйрығы. Қасиетті Құранның «Рағыд» сүресінің 21-аятында Алла Тағаланың «жалғастырыңдар» деген әмірін орындап, туысқандық қатынасты үзбейтіндер – Раббыларынан шынайы түрде қорқушылар деп дәріптелсе, «Нахл» сүресінің 90-аятында ағайын-туысқа қарайласуды бұйырады.
Осындай аяттарға назар салған халқымыз «Өле жегенше, ағайынмен бөле же», «Туысы – бірдің, қонысы – бір», «Туысы – бірдің, уысы – бір» деп ұл-қыздарына ақыл-кеңестерін беріп, туған-туыстың, бауырдың қадірі жайында өсиет етіп отырған, – деді Бас мүфти жұма насихатында.
Пікір қалдыру