ҚЫЗМЕТТІК БОРЫШЫН ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАН ӨРТ СӨНДІРУШІНІҢ ЖАНҰЯСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Two businessperson shaking hands; only hands to be seen and a key is be given

Семей қаласындағы танымал «Азия Фирма» ЖШС бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетіні туралы қыркүйек айында хабарлаған болатын.

Араға 2 ай салып ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні «Фирма Азия» ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов «Қарағайлы» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұмның жұбайы мен балаларына табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы мен жары қалды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.