АЯГӨЗ: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» АКЦИЯСЫМЕН ТЕГІН КӨМІР ТАРАТЫЛДЫ

Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылы «Қазығұл ата» мешіті жанынан құрылған еріктілер тобы «Қайырымдылық жаршысы» акциясы аясында тегін көмір таратты. Игі шара барысында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Еріктілермен бірге мешіт имамы Масғұд Тәтіғанбайұлы көмірді мұқтаж отбасылардың үйіне апарып, түсірісіп қыстан қысылмай шығуларына тілек-ниетін  білдірді.