АБАЙ ҰСТАНҒАН ДІН – ӨЛЕҢДЕРІНДЕ

Абайдың өлеңдері мен қара сөздері: Алла, табиғат, адам, бірлік, білім, сүйіспеншілік, ғашықтық, тыныштық, өмір мен өлім ,салт-дәстүр, өнер, тіл, әділеттілік, өтірік, өсек-аяң, жағымсыз мінез-құлық сияқты әр түрлі мазмұндарды қамтиды. Барлық шығармаларынан ақынның діни ой-пікірін көруге болады. Ақын өлеңдерінде адамдардың рухани жақтан барлық жамандықтан арылған кезде барып, жаратылыстан жоғары ғажайып мәні бар Аллаға қауышатындығын аңғарта келіп , адамдарды
имандылыққа шақырады.

“Алланың өзі де рас ,сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас ,
Көп кітап келді Алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөзі айрылмас.”
“Күллі мақлұқ өзгерер,Алла өзгермес,
Әхли кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен ,
Бос сөзбенен қатыспай түзу келмес.”

Абай Алланың шындығын мойындап мұсылмандардың Алланы шын жүректен сүюлері және оған бағыныңқы қалулары керектігін уағыздайды. Сондай-ақ, Ислам дінінің қасиетті кітабы Құранның сырына жету үшін алдымен білім , ғылымды игерудің шарт екендігін ашық көрсетеді. Бұл да Хәкім Абайда діни танымы өте терең болғанының көрсеткіші.

“Алла мінсіз әуелден,Пайғамбар хақ,
Мүмін болсаң ,үйреніп сен де ұқсап бақ.
Құран рас,Алланың сөзі дүр ол,
Тәуилін білерлік ғылымын шақ.”

Абайдың өлеңдерінде Матруди ақидасы көрінеді “Күллі мақлұқ өзгерер, Алла өзгермес”, Шура сүресінің 11 аятына “ Оған ешнәрсе ұқсамайды…” дегеннен Халықтың қамын жеп толғаған ақын өлеңдерінде, берекелі ел мен берекесіз елдің тұрмыс жайын салыстыра отырып суреттейді . Бірлік болған жерде тірлік,тыныштық ,бейбітшілік , бақытты өмір болатындығын айқын танытады да ,
береке бірліктің маңыздылығына назар аударады. Халық бақытты болар егер хадистегі: “Әр мұсылман, мұсылманға мұқтаж” екенін ұмытпаса деген.

Абайдың пікірі бойынша , сабырсыздық, арсыздық ,еріншектік, ұятсыздық, өтірік ,өсек , жалақорлық ,мақтаншақтық ,қулық-сұмдық ,қанағатсыздық, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттердің бәрі қазақтың , мұсылманның бірлігі мен дамуына зиян келтіретін әрекеттер.
“Өсек,өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,                                                                                                                                                                                                          Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рахым ,ойлап қой                                                                                                                                                                                                          Бес асыл іс,көнсеңіз.”

Абай-әлемдік мұсылман философы, ол жер үстінде Алла жаратқан барлық адамдарды, Құран мен хадистер оқып, танып, достыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке шақырады.

“Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.”
Абайдың өлеңдер арқылы-Алланы тану ,Алла Тағалаға құлшылық ету негізгі адамның міндеті екенін көруге болады .

Абайдың 38 қара сөзінде жіктейтін адамның ғылымы және Алланың ғылымы деген тұжырымдар бар. Толық адам осы екі ғылым саласына қанық ,екі ғылым саласында қатар алып жүретін ,оларды өзінің адамгершілік қалыбын,ішкі иманын жетілдіру үшін тұтынатын болса керек . Осымен де, 38-і қара сөзі Абайдың рухани мұрасының қорытындысы тәрізді ,барлық оқшау көрінеді. Ал оның “Алланың өзі де рас,сөзі де рас “ өлеңі дін туралы жазған соңғы және қорытып айтқан түйінді шығармасы. Ақын бұл өлеңде Алланың сипаттарын ,әлеммен байланысын және Оны танудың мәнісі туралы айтады .”Қағида шариғаты өзгерсе де ,Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.” Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен арнайы шұғылданған ойлшыл болмаған. Адам Алланы жан арқылы ,яғни жүрек арқылы сезеді.

М.Әуезов Абайдың дінге қатысына байланысты екі тезис ұсынған, олар :
a) Абайдың діні-сыншыл ақылдың шартты діні
б) Абай діні- адамгершілік діні

Абайдың қайсы бір сөзін алсақ Құран мен хадистермен ұштасып жатыр. Абай Құран, хадистерді өз өлеңдері арқылы еліне насихаттаған. Яғни Абай ол ойшыл ,ол ұстаз. Насихаттарында Құран мен хадистерді басшылыққа алып қарапайым сөзімен халыққа жеткізіп берген. Абайдың дін үшін, Алланы тану үшін жазған шығармалары қылған еңбектері елеусіз қалмаса керек.Абай өлеңдерін оқыған әрбір жан Алланы тануға алғашқы қадам жасап, жүрегіне иман сәулесін ұялатады.