БАС ИМАМ НМУ ПРОРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлымен жүздесіп, жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер қозғалды.  Атап айтқанда,  университет оқып жатқан Абай облысының студенттері туралы сөз болып, алдағы уақытта Абай облысынан Нұр-Мүбәрак универсиетіне дайындық курсын ашу мәселесі талқылаанды. Асқар Әбітайұлы Абай облысы әкімдігі атынан бірқатар студенттерге гранттар бөлінгендігін де жеткізді.

Сондай-ақ, университет жанынан бой көтеріп жатқан жаңа оқу ғимаратының жай-күйі туралы да сөз қозғалып, Асқар Әбітайұлы Абай облысы өкілдігі тарапынан барынша қолдау көрсетілетіндігін айтты.

Кездесу соңында Ершат Ағыбайұлы өзінің тұсауы енді ғана кесілген су жаңа кітабын сыйға тартса, Асқар Әбітайұлы Абай өңірінен арнайы алып барған кәде сыйын табыстап, ізгі тілегімен аяқтады.