ЖЫЛУ СЫЙЛА АКЦИЯСЫ

Күн суытқалы бері Зекет және қайырымдылық қоры Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен қала және аудан, ауыл мешіттері жергілікті жерлердегі бірқатар мұқтаж отбасыларға қыстық отынмен көмек көрсетіп келеді. Осындай игі істердің жалғасы ретінде “Жылу сыйла” акиясы аясында 10 тонна көмір мұқтаж отбасыларға таратылды.

Игі іске мұрындық болған жанашыр жандарға разылығымызды білдіреміз. Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі) “Көрші аш бола тұра, өзі тоқ ұйықтаған адам толық иман еткен болып саналмайды”, – деген хадисін жадымызда ұстап, мүмкіндігімізге қарай айналамыздағы адамдарға қол ұшын созып жүрейік.