ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ АТТЫ ДӘРІС ӨТТІ

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте “ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ” атты дәріс өтті. Дәрісті Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Рашид Мейимбекұлы ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған “Қажының рухани келбеті” тұғырнамасы негізінде жүргізді. Сондай-ақ, жұма намазына жиналған жамағаттың қосымша діни сұрақтарына да жауап берілді.