АБАЙ ОБЛЫСЫ: “БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР” ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Семей қалалық Төлеубек қажы мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттар арасында “Білімді мыңды жығар” атты зияткерлік сайыс өтті.

Интелектуалды сайысқа 5 команда қатысып, 5 кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап берді. Сайыс тартысты да қызықты өтіп, көпшілікке өте жақсы әсер қалдырды.

Сайыс нәтижесі бойынша, 1 – орынды “Алаш” командасы иеленіп, 2 – орынды “Бабалар ізі” командасы, 3 – орынды “Аңсар” командасы иеленді . Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сайыс қатысушылары өте керемет әсер алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.