Мен Шрайнбеков Ұлан Ермекұлы
1974 жылы 21 наурызда Семей облысы Шұбартау ауданындағы Бидайық ауылында дүниеге келдім.
1981 жылы 1-ші сыныпқа бардым. Алғабас ауылына қарасты мектепті,
1989 жылы бітірдім. 8-ші сыныптан кейін
1989 жылы Семей қаласындағы СПТУ № 13-ші қазіргі құрылыс колледжіне түстім.
1992-щі жылы бітіріп шықтым.
1992-ші жылы әскер қатарында болдым.
1994 жылы ауылда жұмыс істедім.
2000 – 2003-ке дейін ағаш шебері болып ТОО «Қаражыра» да істедім.
2003-тен-2004-ке дейін Семей қаласындағы «Тыныбай» мешітінде қызмет атқардым.
2004-2005 жылдары ҚМДБ-ның жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының дайындық курс филиалын тамамдадым.
2005 жылы Семей қаласындағы Комсомол кентіндегі «Шағыл» мешітіне уақытша имам қызметін атқардым.
2007 жылы «Төлеубек қажы» мешітін салдық. Күні бүгін осы мешітте жұмыс атқарамын.Семей өңірінің өкіл имамы Мырзаев Тыныштық қажы Яхияұлының ұсынысымен 2008 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру Ислам институтында «Имам хатиб» мамандығы бойынша оқып бітірдім.
2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында Туркия мемлекетінде діни білімімізді жетілдіріп қайттым.
Отбасы жағдайым.
Әйелім: Нақыпбаева Оксана Женісқызы 20.09.1974ж. Жоғары білімі бар.
Ұлым: Ермеков Еркебұлан Ұланұлы 09.12.1995ж. 9-шы сыныпта оқиды.
Шетелде туыстарым жоқ. Сотта ісім болған емес. 13.10.2010 жыл Шраинбеков.Ұ.Е.
Төлеубек қажы мешіті
«Төлеубек қажы мешіті» Семей қалалық Комсомол елді мекенінде орналасқан. 2007 жылы Семей қаладағы Комсомол және Юность аудандары тұрғындары үшін салынған. Мешіт Волгоградская көшесіндегі №1 орналасқан. Мешіт 2006 жыл басталып 2007 жылы наурыз айында аяқталды.
Мешіттің ашылу салтанатына қала әкімі Мейрамхан Айнабеков пен ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттін тапсырмасымен Семей өңірінің Өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы арнайы барып ашты Меншітті Төлеубек қажының ұрпақтары Сексенбаевтар Әулеті арнайы салдырған.
Мешіт ауласының аймағы -1000 м2. Формасы қызыл кірпіштен салынған Харезм елінен әкелінген. Мешіт ғимаратының ұзындығы, ені 15 х 15 м., биіктігі 6 м. Күмбезінің биіктігі 4 м., мұнарасының биіктігі 13 м. Намаз оқитын ерлер бөлмесі 300 адамға, әйелдер бөлмесі 30 адамға арналған. Имам бөлмесі 3,4 х 4,5 метр, кіре берістегі бөлме 3,5 х 4 метр. Мешіттің ауласында Арнайы салынған комплекс орналасқан, онда 280 адам арналған ас беретін орын,ер және әйел дәретханасы, жылыту қазандықтары, шаруашылық заттарын қойатын орындар орналасқан.
Төлеубек қажы атындағы мешіт. Комсомол ауылы Волгоградская көшесі
Мешіт: 63-32-00
сот: 8-777-146-85-10