Ассалаума алейкум!Аттахиятта он аякты бакай ушында котерiп отырудын суннет екенiн тусiндiм,менiн бiлгiм келгенi не себептен солай жасалган?Фикh кiтабында,жума намазына бiр себептермен катыса алмаган жагдайда бесiн окылады,бiрак камат тусiрiлмейдi деп келедi.нактысын тусiндiрiп берсенiз.?Тан мен Бесiн намазынын алгашкы суннеттерiнiн казасы болама?Намазда Фатихадан кейн Галак суресiн окысам тiлауiт саждесi калай жасалады?Алла разы болсын!
Уағалейкумассалам!Ғалақ сүресіндегі сәжде аяты соңғы аят болғандықтан тиләуәт сәждесін рукуғ жасағаннан кейін сәждеге барумен тиләуәт сәждесіде орындалған болып саналады.
Абдулла ибн Масғуд(р.д.ғ.) «Егер (намаз оқып тұрған кезде)сәжде сүренің соңында болса,қаласа рукуғке барсын,қаласа сәжде жасасын»,-деген.Әл-Бәйһақи.
Жұма намазына үзірлі жағдайда қатыса алмаған жағдайда бесін намазының фарызының алдында қамат айтылады.
Уақыты шығып кеткен намаздың тек фарызының қазасы оқылады.Намаздың сүннеттері – орындалуы міндет болмаған іс-әрекеттер.Алайда намазхан сүннетті орындағаны үшін сауап алады,ал әдейі орындамауы мәкруһ және ол көптеген сауаптан айырылады. Құрандағы: «Расында,сендер үшін Аллаһты да, ақырет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһ елшісінде көркем өнегелер бар»,-деген (Ахзап-21) аятынан үлкен ғибратты көруге болады.Яғни Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.)- өмір жолы – әрбір мүмін үшін үлгі өнеге.Оған(с.ғ.с.) еліктеу бізді оның (с.ғ.с.) махаббатына жетелейді,оны (с.ғ.с.) жақсы көру жүрегіміздегі иманның ләззәтін сездіреді.
Жауап берген Қос мұнаралы Орталық мешіттің найб имамы Серікқали Бейсенұлы.