Сурак

Ассалаума алейкум уа рохматуллаhи уа барокатуh!Сiзге кояйын деген сурагым:,Ибрани,Арами дегендер кiмдер?Екнтi намазынан кейн каза намаздарды отеуге болама?Акида кiтабында КАРАМА,МАГУНА деген создердiн магынасын мысал келтiрiп тусiндiрiп берсенiз,кандай касиеттер?Айел адам намаз окыганда ер адамга уйыса калай турады,касындама алде артындама?Гусылды жунiп болган жагдайдагана алама?”Садаhаллаhул газийм”созiнiн казакша магынасы?”Аhи,Аки”созiнiн магынасы?Мусылман емес адамга зекет берiлеме?Даретi бар айел адам бала емiзсе даретi бузылама?Алла разы болсын!


Уағалейкумассалам! Ибрани,Арами ескі көне еврейлердің тілі.
Екінті намазы оқылғаннан кейін фарыз намаздардың қазасы оқылмайды. Үш уақытта намаз оқу мәкрүһ тахримге жатады.1.Күннің шеті көк жиектен көрінгеннен бастап, найза бойы көтерілгенге дейін.2.Күн тас төбеде тұрған уақыттан бесін намазының кіргенге дейін.3.Күн қызарып,оған жалаң көзбен тік қарауға болатын уақыттан бастап,толық батқанға дейін.Бұл уақыттарда фарыз намаздардың қазазы оқылмайды,Жаназа намазыда оқылмайды,мәйт жерленбейді,және тиләуәт сәждесі жасалмайды.Тек қана сол күнге екінті намазын күн қызарып, оған көзбен тік қарауға болатын уақытта рұқсат етіледі.
Керемет дегеніміз –бұл әдеттен тыс іс, Пайғамбар болатын адамда емес,тақуа адамдардың қолынан келетін таңғажайп іс,керемет жасау қасиеті оларғ құрмет ретінде беріледі.
Мағунаһ(жәрдем) дегеніміз-бұл да әдеттен тыс іс,Пайғамбар болатын адамда болатын адамда емес,өте қатты бойұсынған тақуа адамдарда болады.
Әйел адам намаз оқығанда Ер адамның артында тұрады.
Құранда: «Егер жүніп болсаңдар ,тазаланыңдар»,- деген(Мәйдә-6) Яғни жүніп болғаннан кейін ғұсыл алып тазаланыңдар.
Төмендегі жағдайлардың бірінде адам жүніп болады: 1.Жыныстық қатынастан кейін.2.Егер мәни денеден шақуатпен бөлінсе,ғұсыл алу парыз болады.3. Ихтиләм-ұйықтап жатқан кезде денеден мәнидің бөлінуі.Сүннет ғұсылдар.1.Жұма күні ғұсыл алу 2.Екі айтта ғұсыл алу.3. Мәйтті жуған адамның ғұсыл алуы.4.Қажылық немесе умра амалдарын бастарда ихрам киімін киюден бұрын ғұсыл алу.
5-6 Мекке кіру мен Арафатта тұру үшін.Үстін ұзақ уақыт тазаламай, денесінен жаман иістер шығып кеткен кезде жүніп болмаса да,ғұсыл алу фарыз болады.
Тазалық таза жүру мақсатында ғұсыл алу мәндуб.
“Садаhаллаhул газийм”сөзiнiң қазақша мағынасы Аллаһ Тағаланының айтқаны шын деген мағынаны береді.Ахи деген сөздің мағынасы Аға бауыр деген ді білдіреді.
Зекет мұсылман еместерге берілмейді.Өйткені Аллаһ елшісі (с.ғ.с) Мұғазға (р.д.ғ) «Байларыңнан алып, кедейлеріне қайтарасың»,-деп бұйрық берген.Яғни мұсылман байлардан алып, мұсылман кедейлерге бересің деген ұғымда.Ибн әл-Мунзир: «Біз білетін ғылым иелерінің барлығы зиммиге(мұсылман мемлекетінде тұратын христян немесе яһуди) Кәпірлерге зекет беруге болмайды бірақ жалпы садақа беруге рұқсат етіледі.Муәллә фәтул-қулуб Мұсылман болу бақытына әлі кенелменен кейбір адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың,тіпті әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін Пайғамбарымыз (с.а.у) кедей болсын,ауқатты болсын,олларға зекеттен белгілі есе беріп отырған.Міне,осы аталмыш үш топ құранда айтылып,зекеттен белгілі бір есе тағайындалған «муалләфатул-қулууб» тобына жатады.Бірақ Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін зекет есесі тоқтатылған.Бірақ кейбір ғалымдардың фатуасына сүйенсек,қажет болған жағдайда,қайтадан бұл топқа беруге болады.
Әйел адам бала емізгенде дәреті бұзылмайды.Дәрет мына жағдай да ғана бұзылады 1.Алдыңғы және артқы мүшелерден бір нәрсенің шығуы,дәретті бұзады.2.Екі мүшеден басқа жерден нәжістің шығуы. Ауыз толған құсықтан дәрет бұзылады.3.Ұйқы.4Есінен тану,жынды болу.5.Намаз оқып тұрған кезде қарқылдап күлу.Ханафи мазхабында намазда,дәретіде бұзылады.

Жауап берген Қос мұнаралы Орталық мешіттің найб имамы Серікқали Бейсенұлы.