Бамдат намазы (таң намазы)
Бамдат намазы 4 рәкаттан тұрады: 2 рәкат сүннет және 2 рәкат парыз.
Бамдат намазының 2 рәкат сүннеті
Уақыт кірісімен, дәрет алып дайындық жасаймыз. Жүзімізді құбылаға қаратып, бамдат намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет етеміз. 1-рәкат.
|
НИЕТ |
Ниет «Бамдат намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет еттім» – деп іштей айтылады. Жүрекпен ниет ету – парыз, тілмен айту – мұстахап. |
ТӘКБІР
|
Ерлер: Екі алақанын құбылаға қаратып, Әйелдер: Екі алақанын құбылаға қаратып,
бас бармақпен құлақ қағып саусақ ұштарын иықтарына туралап
«Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтады. «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтады.
|
ҚИЯМ
|
Ерлер: Оң қолын сол қолының үстіне қойып, Әйелдер: Оң қолын сол қолының
бас бармақ пен кішкентай саусақпен үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды.
сол қолдың білегін қапсыра ұстау керек.
Қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады.
|
Сонан соң қатарымен төмендегілер оқылады:
1) Субханәкә
2) «Ә’узу» мен «бисмиллаһ» 3) Фатиха 4) Құраннан бір сүре немесе кем дегенде үш аят. |
РҮКҮҒ
Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады. Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» деп үш мәрте тәсбих айтады.
|
Ерлер: Саусақтарының арасын ашық ұстап, Әйелдер: Саусақтарының арасын
қолды тізенің үстіне қояды. ашпастан тізесіне қояды,
Бас пен арқа бір деңгейде болып, арқасы мен тізесін біраз бүгеді.
аяқты түзу ұстайды.
|
«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» деп рүкүғден тұрады. Тұрғаннан кейін«раббәнә уә ләкәл-хамд» сөзі айтылады. |
СӘЖДЕ
Содан соң «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады.Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады.
|
Ерлер: Сәждеде шынтақтарын ашып, Әйелдер:Сәждеде білектерін
жерге тигізбей ұстайды. жерге қойып, шынтақтарын
Аяқ ұшымен жер тірейді. қабырғасына жақын ұстайды.
Аяқ ұшымен жер тірейді.
|
Екі сәжде арасындағы отырыс
Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолымыздың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.
|
Ерлер: Сол аяғын жайып, Әйелдер:Екі аяғын оң жаққа жіберіп,
үстіне отырады. Оң аяғын жартылай жамбастап жерге отырады.
тік ұстайды.
|
Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады, сәждеде «субхана раббиял а’ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады. 2- рәкат. Сәждеден тұрғанда: Алдымен басын көтеріп, сонан соң қолымен тізесін таянып «Аллаһу әкбар» деп қиямға барады. |
Қиямда кезегімен төмендегілерді оқиды:
1) «Бисмиллаһ»
2) «Фатиха» 3) Құраннан бір сүре немесе ең азы үш аят Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп екі сәжде арасында отырғандай ақырғы отырысқа отырады. |
СОҢҒЫ ОТЫРЫС |
Отырғанда кезегімен төмендегілерді оқиды:
1) Әт-тахият;
2) Аллаһумма салли;
3) Аллаһумма бәрик; 4) Раббәнә әтинә
|
ЕКІ ЖАҚҚА СӘЛЕМ БЕРУ |
Дұғаларын оқып болған соң «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп, алдымен оң жақ иығына, содан соң дәл осылайша сол жағына сәлем беріп намазын тәмәмдайды.
|
Пікір қалдыру