Мешіт Бесқарағай ауданына қарасты жыланды ауылында орналасқан. 2007 жылы қыркүйек айында басталып 2008 жылы қыркүйек айында мешіт құрлысы толықтай аяқталған. Кәзіргі заман талабына сай салынған. Мешіт жергілікті халықтын көмегімен, Жыланды Лесхозының демеушілігімен салынды. Мешіт ішінде имам бөлмесі, киім ілетін орын, от жағатын бөлме, 70 кісілік намаз оқыитын орын орналасқан, еденіне толықтай кілем төселген. Мешіттің биіктігі 3м 00см Күмбез биіктігі 13м Мұнара биіктігі 17м Қабырғасы шпал ағаш сырты тақтаймен қапталған Шатыры қаңылтыр биіктігі 3м. Мешіттің ауласы арнайы безендірліп қоршалған.