Жаңа Семей ауданына қарасты. Бөкенші ауылдық мешіті

«Бөкенші ауылдық мешіті» Жаңа-Семей ауданына қарасты Бөкенші ауылында орналасқан. Мешіт толықтай жергілікті халықтың көмегімен 2005 жылы үш ай ішінде толықтай салынып біткен. Мешіттің ішкі еденіне толықтай кілем төселген. Мешіт ішінде имам бөлмесі, 150 кісіге арналған намазхана бөлмесі және киім ілетін орындар орналасқан. Биіктігі 3 м  Күнбезі  2,5 метр, ұзындығы 13 метр, ені 10 метр. Қабырғасы силикат кірпішпен өрнектеліп жасалған. Шатыры қаңылтыр шифер. Мешіттің сыртқы ауласында ер әйел адамдарға арналған дәретхана және отын қойатын қоражәйлар орналасқан.

image004(25) image002(31)