Семей қаласы Жаңа-Семей ауданына қарасты, Баженовка ауылдық мешіті

«Баженов ауылдық мешіті» Жаңа Семей ауданында орналасқан. Мешіт күмбезінің биіктігі 3, мұнарасының биіктігі 17 метр. Мешіт 2007 жылы Ә.Қартайұлы демеушілігімен салынған. Ғимараттың ұзындығы 16, ені 12, ішкі биіктігі 3 метр.
Кіре берісте киім ілетін орын және имамның қызмет бөлмесі орналасқан. Мешіт кірпіштен салынып, және сайдингпен қапталған. Мешіттің жалпы аула көлемі 500 шаршы метр. Ерлер намаз оқитын бөлмесі 150, әйелдер бөлмесі 50 адамға арналған.

image006(2) image002(30) image004(24)