Мешіт иман ордасы ғана емес салт – дәстүр, ұлттық құндылықтар мен мәдениет, спорт, өнердің де өріс алар ортасы. «Тарих және тағылым» жылы аясында Аягөз қалалық мешітінде ізгі құндылықтарымызды жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан екі күнге созылған жарыс өтті. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы жарыс шымылдығын ашып, қатысысушы шәкірттерге сәттілік тіледі. Жасөспірім бүлдіршіндер арасындағы айтулы жарысқа ауданымыздың орта мектептерінен 2005-2009 жылдары туылған сексеннен астам жасөспірім қатысты. Ұлттық спортқа деген ынта ықыластары ерекше қатысуышылардың арасынан жеңімпазды анықтау да қиынға соқты. Талапты жасөспірімдеріміздің талабына қарап жаның сүйсінеді. Жарыс қортындысына сәйкес бағы мен бабы қатар шапқан 20 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 6 бірінші орын, 6 екінші орын және 8 үшінші орын иегерлері болды.
Жүзден жүйрік шыққан шыққан қатысушыларды атай кетер болсақ.
Хасенғазин Әли 1 орын – №6 орта мектеп
Ғалымбекқызы Раяна 1 орын – №4 орта мектеп
Бекенова Ұлпан 1 орын – лицей
Баймағамбетқызы Аягөз 1 орын – №3 орта мектеп
Нұржанұлы Жәнібек 1 орын – Бозай ауылдық мектебі
Айтмұхамет Ерасыл 1 орын – Бозай ауылдық мектебі
Смағұлов Сабыржан 2 орын – Бозай ауылдық мектебі
Төлегенова Айзере 2 орын – №4 орта мектеп
Баймағамбетқызы Ерке 2 орын – №3 орта мектеп
Айтмұхамет Мирас 2 орын – Бозай ауылдық мектебі
Қанатқызы Алуа 2 орын – №4 орта мектеп
Сейсенбек Әліби 2 орын – №6 орта мектеп
Нұрахмет Айгерім 3 орын – С. Ғаббасов мектебі
Тұрарбек Нұртілеу, 3 орын – №4 орта мектеп
Ерланова Айзере 3 орын – №5 орта мектеп
Серікқазинов Ерсұлтан 3 орын – №1орта мектеп
Калелова Нұрай 3 орын – №4 орта мектеп
Дүйсенбеков Ерасыл 3 орын – лицей
Жұлдызова Нұрым 3 орын – №1 орта мектеп
Мұратбеков Жалғас 3 орын – №4 орта мектеп
Аягөз қалалық мешітінің бас имамы марапат қағаздарымен медаль табыстап, жылы лебізімен алғысын білдіріп, алдағы уақыттарда да осындай ізгі шараларды бірлесе отырып атқару керек екендігі жайында атап өтті.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.