Аягөз қаласындағы қос мешіттің арасындағы теңбіл доп.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы жастар бөлімі мүшелерінен құрылған жастар өзара командаға бөлініп, футбол ойнады. Теңбіл доп ойнаудағы мақсат қаладағы қос мешіт жастарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, әрдайым бауырмашылықта болуды насихаттау. Футболды бастамас бұрын наиб имамы Нұржан Медеуханұлы: «Мұсылман мұсылманға бауыр, мұсылман әржерде өзінің бауырмашылдығын көрсете білу керек» – деген ниетін білдірді. Сонымен бірге ойынға сәттілік тілеп, бата берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.