Лондондағы АҚШ елшілігі үш айлық сәбиді тергеуге шақырды

xlarge

Жарық дүние есігін ашқанына үш-ақ ай болған сәби Лондон қаласындағы АҚШ елшілігіне тергеуге шақырылған. «Айыбы» да ауырлау. Терроризмге қатысы болуы мүмкін!

Сөйтсек, бәріне кінәлі сәбидің атасы болып шыққан. Визалық анкета толтыру кезінде 62 жастағы Пол Кеньон байқамай «Терроризмге қатысы бар» деген сұраққа белгі соғып жіберген. Осылайша, Флорида штатындағы Орландо қаласына ұшқалы тұрған үш айлық сәбидің терроризмге қатысы бар болып шыға келген.

Guardian баспасы таратқан хабарда елшілік қызметкерлері сәбиді Чешир графтығындағы үйінен Лондондағы Гросвенор алаңындағы ғимараттарына алып келген көрінеді.

«Мен олардың бұның көзге көрініп тұрған қателік екеніне, үш айлық сәбидің ешкімге зиянын тигізе алмайтынын ойлабағандарына қайран қаламын», – дейді сәбидің атасы болса

Muslim.kz