KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен мүфтияттың Діни істер бөлімі қайта құрылып, Діни істер және талдау бөлімі болып ашылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне Камалжан Тұрдыбаев тағайындалды. «Ғаламтормен жұмыс» секторы осы бөлімнің қарамағында қызмет етпек. Мұрат Әбдіхалықов сектор меңгерушісі болып бекіді. Діни істер және талдау бөлімі ҚМДБ-ның сан-салалы қызметіне талдау жасап, стратегиялық бағдарламалар мен жобаларды ұсынады. Дін қызметкерлерін аттестациядан өткізу шарасын үйлестіреді. Олардың ҚМДБ бекіткен негізгі бағыттар бойынша жұмыстарына мониторинг жасайды. Сонымен қатар, имам-молдалардың білімі мен тәжірибесін арттыру бағытында республикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады. Қазіргі ақпараттық қоғамда Ислам игілігі үшін ғаламтор мен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану – маңызды жұмыстардың бірі. «Ғаламтормен жұмыс» секторы ақпараттық діни кеңістікті дұрыс діни мағлұматтармен толтыру бағытында тиісті шараларды жүзеге асырады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру мақсатында бөлім меңгерушісіне нақты тапсырмалар беріп, бөлім ҚМДБ жұмысына серпін беруі тиістігін деп атап өтті. Сондай-ақ, бас мүфти сектор меңгерушісіне ғаламтор бойынша жұмыстарды жандандыруды жүктеді.
Толығырақ: http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/15209-dini-ister-zhane-taldau-bolimi-kmdb-zh-mysyna-serpin-berui-tiis
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.