ШҚО әкімі Данияль Кенжетайұлы Ахметов мырзаның бастамасымен Өскемен қаласының орталық Халифа Алтай мешітінде Өскемен – Семей аймақтарына қарасты аудан – ауыл имамдарының үш айлық білімін жетілдіру курсында оқып жатқан, дін қызметкерлерімен арнайы ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы кездесті. Өз кездесуінде өкіл имам Мақсат Қуанышұлы дінге қызмет етудің өзектілігі, қоғам үшін пайдасы мен имамдық қызметтің жауапкершілігін баса айтты. Сонымен қатар, Ислам діні жолына аянбай еңбек етуге шақырды. Бүгінгі таңда имам болудың жауапкершілігі мен діни сауаттылықтың өзектілігі тұрғысында да сөз қозғады. Өз кезегінде дін қызметкерлері көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ризашылығын білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.