Аягөз жаңалықтары (фото)

 

Аягөз ауданы имамының іссапары.

 

Аягөз ауданының бас имамы Думан қажы Нәдірұлы ауданға қарасты Ақтоғай, Таңсық, Қопа ауылдық мешіттерін аралап, ауыл молдаларының хал – ахуалын біліп, қысқа дайындықтарын көріп қайтты. Ақтоғай бекеті «Мәнсул» мешіті жанынан салынып жатқан құрлыс жағдайымен танысты. «Мәнсул» мешітінің имамы Амангелді Серікханұлы қысқа дайындықтарын баяндады. Аудан имамы Қопа ауылындағы мешіт жастарымен басқосып, насихат айтты.

Жаңауыл мешітіндегі ізгілік.

Аягөз қаласындағы «Жаңауыл» мешітінде рабиғул әууәл айы құрметіне мешітте ақдастархан жайылып, мешіт қызметкерлеріне ас берілді. Мешіт имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінен насихат айтып, дастархан жайғандарға алғыс білдірді.

Мамырсу ауылындағы мешітте әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Мамырсу ауылы «Қазығұл ата» мешітінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мешіт ішін әрлеу жұмыстары демеушілер тарапынан жүзеге асуда. Мешіт имамының қызметін уақытша атқарушы молда Мұрат Жақсылықұлы көмек жасаушы азаматтарға алғыс білдірді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.