Имамдар спорттан сайысқа түсті (фото)

Салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері арасында шаңғыдан сайыс өтті. Сайыста Семей қалалық мешіт дін қызметкерлері мен жамағат, шеберліктерін шыңдады. Жарыс қорытындысында, Жарыс жеңімпазы болып Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінің жамағаты Жанатбекұлы Жомарт деп танылды Ал ІІ орынды Орталық мешітінің наиб имамы Тасболатұлы Елбек иеленсе, ІІІ орынды Семей қалалық Тас мешітінің наиб имамы Сейтақынұлы Қанағат жеңіп алды.  Жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы «Орталық» мешіт тарапынан  марапаттау қағаздары табыс етілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.