Геодезия барлау колледжінде «Отан – отбасыдан  басталады» және Жат ағымның алдын алу мақсатында студент жастармен кездесу өтті. ФОТО

Семей қаласындағы Геодезия барлау колледжінде «Отан – отбасыдан  басталады» және Жат ағымның алдын алу мақсатында студент жастармен кездесу өтті. Жиынға Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Елбек Тасболатұлы мен Семей қалалық Бір мұнаралы Тас мешітінің наиб имамы Сәлімханұлы Айдын және Ішкі саясат бөлімінің маманы Дарын Кәукенұлы қатысты.

Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Елбек Тасболатұлы өз сөзінде. Отанды қорғау ұлы міндет болса, осы отанды құраушы отбасы құндылығы әрбір саналы жан үшін де маңызды болмақ. «Отан – отбасыдан басталады» деп, кешегі өткен бабаларымыз артында мәні терең сөз қалдырды. Отбасының берік болуы – ел болашағының зор болуына кепіл болады. Ата-ананың тәлім-тәрбиесін егіз көріп өскен буын Отанының толыққанды саналы азаматы болып өседі. Ел игілігі үшін қызметті әрбір отбасы өз шаңырақтарынан бастаса – абзал болмақ» деді

Семей қалалық Бір мұнаралы Тас мешітінің наиб имамы Сәлімханұлы Айдын ислам негіздері, салт-дәстүрдің жастар арасында жалғасын табуы керектігін баса айтты. Ислам мемлекеті деген лаңкестің ұйымының жасап жатқан тірліктерінде исламның иісі де жоқтығын, бұл адасқан қылмыстық топ екендігіне баса назар аударды. Жастар арасында суицидтің белең алуына тоқталып сахих хадистерді жеткізді, ата-аналарға балаларының діни сауатын интернет арқылы ашамын деп жат ағымның жетегінде кетіп қалмауын қадағалауды сұрады. Тәрбие мен инабаттылық, отансүйгіштік және адамгершілікке үндейтін ислам дінінің негіздерін үлкендер өздері біліп, ақ пен қарасын айыра білсе балаларына дұрыс бағыт бере алатындығын, адасуына жол бермейтіндігін жеткізді.

Кездесу соңында тақырыпқа қатысты ҚМДБ – ның тарапынан рұқсат етілген дұрыс бағыттағы сайттарды таныстырды. Жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға тұщымды жауаптар алды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.