Шағбан жайында не білеміз? Осы айдағы бос уақытымызды қалай өткіземіз? Баршамызды Шағбан айына есен-аман жеткізген Жаратушы Жаббар Иемізге сансыз шүкірлер болсын!
Ең әуелі, Жаратушы берген нығметтерге өзіміздің қарым- қатынасымыз қандай деген сұрақ қояйық. Рамазан айы жақындап қалды. Мүбәрак айға дайындық жасап жүрміз бе я болмаса күйбең тірлік соңында жүрміз бе?
Ардақты пайғамбармыздың Шағбан айындағы жасайтын амалдарын есімізге түсірейік. Өйткені Алла Тағала қасиетті Құранда:
Баршаға белгілі, шағбан айы келгенде ардақты пайғамбарымыз ﷺ ораза ұстайтын. Алайда ол кісі бір ай бойы толық ораза тұтпаған. Әз елші ﷺ бірнеше күн ауыз бекітіп, бірнеше уақыт ораза ұстамай жүргені жайлы хадистерден білеміз:
Бұл пенденің жасаған амалдары Алланың құзырына көтерілетін ай. Олай болса, не дайындадық? Ардақты пайғамбарымыз ﷺ:
Біздің жасаған барлық амалдарымыз, бәлкім, бір жылдық амалдарымыз Шағбан айында Раббымыздың құзырына көтеріледі. Ендеше, жыл бойы Алла разы болатын қандай амал жасағанымызды еске алайық. Мыңдаған амалдарымздың арасында шынайы ықыласпен жасалғаны бар ма?
Амалдарымыз Раббымыздың құзырына әр түні, әр күні, әрбір дүйсенбі және бейсенбі күндері және Шағбан айында көтеріледі. Алла елшісі ﷺ адам баласының күн сайынғы амалының көтерілетініне анық мысал келтіріп: «Жандарыңда күндіз–түні алма–кезек ауысып отыратынперіштелер бар. Олар таң және екінті намазының уақытында кезек алмастыру үшін жиналады.Содан кейін түнімен сендермен бірге болған періштелер Алланың құзырына көтеріледі. АллаТағала бәрін біліп тұрса да олардан: Сендер кетерде құлдарым не істеп жатыр еді? – депсұрайды. Періштелер: «Біз кетерде олар намаз оқып жатқан еді. Қайтып барғанымызда данамаз оқып жатыр екен,» – деп жауап береді» – деген.
Шағбан айының ортасында қасиетті «Бәрәт түні» бар. Пайғамбарымыз ﷺ бұл түн жайлы:
Көрнекті табиғин Имам Ата ибн Ясар: «Қадір түнінен кейінгі ең қастерлі түн Шағбан айының ортасы толғандағы түн»,- деген.
Имам Шафии болса: «Алла Тағала пендесінің дұғасын мына бес түнде жауапсыз қалдырмайды деп естідім: жұманың түні, айт күндерінің түні, Режеб айының алғашқы түні және Шағбан айының ортасы толғандағы түн»,- деген.
Көпшіліке танымал табиғиндер мен ғалымдар, соның ішінде әл-Бұхаридің ұстазы, хадис білгірі әрі ғалым Исхақ ибн Рахауайх, әл-Аузаи және Ибн Ражаб бұл түні Жаратушыға көп құлшылық етіп, кешірім тілеуге кеңес берген.
Хақ Тағала бізді өміріміздің әрбір сағатында сынауда. Құранда бұл жайлы:
(“Әли Имран» сүресі,140 -аят)
Уақытты босқа жіберуден гөрі Құран оқуды үйренген әлдеқайда пайдалырақ. Алдымызда Құран айы келе жатыр, ал көпшілігіміз ол кітаптің бір әрпін де білмейміз.
Адамдардың басым бөлігі күнәсі себепті тозаққа отын болып кететін күні оларға Құран оқып тозақ отынан сақтаныңдар деп әмір беріледі. Бұл жалы хадисте былай деп баяндалады:
Егер Құранның бір аятын дұрыс оқи алмасақ, тозақтан қалай құтылмақпыз? Ойымызда небір ақпараттар жүреді. Телефонды қалай қолдануы білеміз, футбол командасының аттарын жатқа білеміз, доллардың, евроның құны қанша болып жатқанын білеміз. Алайда қырық-елу жасқа келсек те, Алланың кітабын оқи алмаймыз. Егер сауатымызды ашуды қолға алмайтын болсақ, қиямет күні сол Құран өзімізге қарсы куәлік етпесіне кім кепіл? Уақытым жоқ деген сылтауды аз айтқан жөн. Бос сөзбен ғаламторда отырған уақытымызды санар болсақ, уақыттың жоқтығы жай ғана сылтау сөз екені белігілі болады.
Салма ибн Кухейл әл-Куфи Құран оқудың маңыздылығын айта келе былай деген:
Шағбан – Рамазанға рухани әрі физикалық тұрғыда дайындық жасайтын ай. Шағбан айында көпшілігіміз ниетімізді түзеуді қолға алғанымыз жөн. Себебі амалдар ниетке байланысты деген сөз бар. Өкінішке орай, көптеген жандар Рамазан айында ораза ұстаудың қиынға соғатынын айтып жатады. Өйткені, тән мен жанның ораза тұтуға дайын болуы үшін біраз уақыт жаттығуы қажет болады. Жүз мерт қашықтыққа жүгіру жарысына дайындықсыз барған адам тез шаршап, орта жолда қалып қоятынындай, Рамазанға дайындықсыз аяқ басқан адамның халі де осыған ұқсас болмақ. Хасан Басри уақытты бос өткізбеу жайлы:
Алла Тағала баршамызға Шағбан айын тәубе етумен, ораза тұтумен әрі Құран оқумен өткізуге жеңілдік берсін!