ҚМДБ –ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қаласындағы Заң колледж студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерімен кездесу барысында өкіл имам«Мұсылман адам қандай болу керек?» атты тақырыпта насихат айтып, сұхбат барысында Алла құзырында өтірік, өсек, ғайбат айту, ішімдік ішу, ата-анаға қарсы келу сынды үлкен күнә болып табылатын жаман әдетер жайында кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар ғаламтордағы діни уағыздарды тыңдауда абай болу керектігін ескертіп, тек Діни басқарма имамдарының уағыздарын ғана тыңдауға кеңес берді. ҚМДБ – ның дайындап шығарған бейнеролик көрсетілді.
Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің баспасөз қызметі