Ислам – бейбітшілік, бірлік пен татулық діні. Қасиетті Құранда: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» деп келген.
Дана халқымыз қай кезде де «Бірлік болмай тірлік болмас», «Береке басы –бірлік», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – деп бірлікке шақырып отырған..
Өз кезінде хакім Абай да «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», – деп ұлттың қадірін, елдің қасиетін тануға үндеді. Себебі бірлігі кеткен елде береке болмайты
Семей өңірі бойынша ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы жылы» аясында Семей қаласында «Шәкәрім қажы» мешітінде «Береке басы-бірлік» тақырыбында семинар тренинг өтті. Семинарға «Қос-мұнаралы» орталық мешіт найб имамы Қожахметов Ельбек, «Парасат кеңес беру әдістемелік орталығы» директоры Беркімбаева Индира Қилымбекқызы және «Әйел –қыздар секторы» меңгерушісі Тұрлықожанова Динара, ұлттық дәстүрімізді насихаттаушы «Әжелер мектебі» және мешіт шәкірттері қатысты.
Семинар барысында дәстүрлі дініміз насихатталып, жастарға дұрыс жолмен білім алу маңыздылығы, халық арасын айыратын дін бұзарлық ниет, пиғылдан сақтану тақырыптары талқыланып кеңінен насихатталды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.