Алаш баласының тәуелсіз ел атанып, көптеген рухани һәм дүниеуи жетістіктерге жетуінде әлбетте илаһи сыр бар. Өткен арғы-бергі тарихымызға назар салар болсақ, қай уақытта Қазақ халқы бірлігінен айырылды, сол кезде елден береке қашқанын, қай уақытта ауызбіршілігі артты, сонда қуатты елге айналғанына куә боламыз. Шынтуайтында, Хақ жолына бет бұрған елге әрдайым ынтымақ орнап, әманда басынан бағы таймайды.
Қазақтың даңқты жырауы Қабан жырау:
− Бақыт қайда барасың?
− Тарауық намаз оқыған,
Көңіліне аят тоқыған
Ниетті елге барамын.
…Сәресі, сахар ішетін,
Хақ жолына түсетін,
Ниетті елге барамын,- деп жырлайды.
Жаббар Хақ жақсылықтың жалына жармасқан елдің рызық-берекесін арттырып, үйін жанға, өрісін малға толтырып, құтты һәм бейбіт ғұмыр сыйлайтыны талассыз ақиқат. Аллаға сансыз шүкір, бүгінде Алаш баласының бес уақыт намазын мешітте оқып, Рамазан айы келгенде жапатармағай ауыз бекіткенін куә болудамыз. Десе де, шариғатымызда Құдай-Тағалаға деген құлшылықтың сан түрі бар екені белгілі…
Рамазан айындағы парыз болған отыз күндік ауыз бекітуден өзге оразаның – адақ, кафарат, нәпіл секілді түрлері бар.
Бұл туралы Хақ Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
Алты күндік ауыз бекітудің жыл бойы тұтқан оразаға теңестірілуінің себебі, Әбу Хурайра жеткізген Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадис-шарифінде:
Шәууал айының алғашқы күні, яғни, Ораза айт мерекесінің бірінші күні және Құрбан айттың төрт күнінде ауыз бекіту харам. Ал, Жұма күні ораза ұстау макрұһ саналады. Жұма күні нәпіл ораза ұстаудың макрұһ болуының себебі, Хақ Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
Яғни, Шәууал айының нәпіл оразасын ұстауға ниеттенген жан мүмкін болса Жұма күні ауыз бекітпегені жөн.
Жалпы, Рамазаннан кейін Шәууал айында алты күн ораза тұтудың жыл бойы ауыз бекіткенге теңестірілуі – Ұлы Жаратушының мейірімінің шексіз екенінің бір көрінісі. Яғни, Хақ Тағала Өзіне тән рахымымен құлының жасаған ғибадатына бірнеше есе артық сауап жазып, ақыретімізді құтқаруға илаһи мол мүмкіндік тудырады.
Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
деген хадисін Қаңлы Жүсіп бабамыз:
Рауаят жазған қай бала?
Мағынадан жоқ хабарың.
Шәууалдың алты күнінен
Қаншалық болды залалың…
Шәуалда тұтпақ алты күн,
Хадисымен сәбит-дүр,
– деп жырлаған.
Олай болса, қадірлі ағайын, кешегі Рамазандағы жүректі тебіренткен, рухты шайқаған илаһи күйді өшірмей, алдағы Шәууал айында да алты күн ауыз бекітсек нұр үстіне нұр болмақ. Бұйырса, осылай етсек, жыл бойы ораза тұтқанның сабауына кенеліп, алдағы жылдағы Рамазанды рухымыз биік, иманымыз кәміл күйде қарсы алатын боламыз.